Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының мамандары азаматтарды алаяқтардың түрлі айла-тәсілдеріне тап болмай сақ болуға шақырады. Бұл туралы қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының міндетін атқарушы Абылайхан Балықбаев БАҚ өкіліне берген сұхбатында мәлімдеді.- «Өзін басқарма қызметкері немесе жоғарғы орган өкілі кейіпінде таныстыру қоңырау шалулары, қазіргі уақытта өте жиі кездесіп жүрген жағдайлардың бірі. Өздерін осылай таныстырып, азаматтардан өздері жайлы толық ақпаратты сұрап алуы, сондай-ақ ақша сұрау арқылы тұрғын үй кезегіңді жылжытып баспана алып береміз деген немесе жалдамалы тұрғын үймен қамтылған азаматтарға қоңырау шалу арқылы тұрғын үй кезегімен тағыда баспанала болатындығы туралы жалған ақпараттар бүгінде жиі кездесіп отырған жағдай десекте болады. Сол себепті азаматтарға айтарым, күдікті қоңырауларға сенбеңіздер дегім келеді. Қандайда бір азаматтар тарапынан құжат жаңарту қажеттіліктері туындаған жағдайда, басқармаға шақырту арқылы жұмыс жүргізіледі», — деді А. БалықбаевСонымен қатар аталған сұхбат барысында басқарма басшысының міндетін атқарушы азаматтардың кезексіз баспана сұрауы Заңға сәйкес келмейтіндігін жеткізді. Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй белгіленген тәртіппен кезек арқылы беріледі.