Қызмет алушылардың құқықтары қалпына келітірілді

құқықтары

Қазіргі таңда, Департамент, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына енген соңғы өзгерістерге сәйкес құқығы бұзылған қызмет алушылардың құқықтарын ақпараттық жүйелерге қол жеткізу арқылы «байқау» жолымен қалпына келтіруде.
Мысалы, Шымкент қаласындағы 18-ге жуық білім беру ұйымдарымен көрсетілген «Мектепке құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметі бойынша
45 баланың өтініштеріне қатысты қызмет нәтижесі ұсынылмай, тиісті деңгейде қызмет көрсетілмегендігі анықталды.
Осыған сәйкес Департамент тарапынан аталған білім беру ұйымдарына тиісті нұсқамалар жолданып, қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтердің нетижелерін ұсыну арқылы құқықтары қалпына келітірілді.