Қаратау ауданында газдан уланудың алдын алу бағытында іс-шаралар жүргізілуде

Қаратау ауданында газдан уланудың

2025–2026 жылдардағы жылыту маусымында Қаратау ауданы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында улы газдан уланудың алдын алу бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Бұл шаралар әсіресе қазандықтар мен үйішілік газ жабдықтарын дұрыс пайдалану мәдениетін қалыптастыруға және тұрмыстық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.

Отеміс және Шапырашты тұрғын алаптарында тұрғындарға газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Жергілікті мамандар тұрғындарға арнайы жадынамалар таратты, сондай-ақ үй ішіндегі газ жабдықтарына сервистік қызмет көрсететін ұйымдармен келісімшарт жасау тәртібі түсіндірілді. Бұл – тұрғындардың өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті білім мен ақпаратқа ие болуын қамтамасыз етуге арналған маңызды қадам.

Сонымен қатар, Қаратау ауданы әкім аппараты, аудандық төтенше жағдайлар басқармасы, қалалық орта сапасы мен бақылау басқармасы, сондай-ақ газ инспекциясының мамандары бірлесіп «Газ құрылғыларын пайдалану, оларды тексеріп отыру және улы газдан уланудың алдын алу» тақырыбында кең ауқымды үгіт-насихат шараларын іске асыруда. Аталмыш іс-шаралардың басты мақсаты – тұрғындардың газ жабдықтарын дұрыс пайдалану мәдениетін қалыптастыру, тұрмыстық қауіпсіздікті арттыру және оқыс жағдайлардың алдын алу.

Тұрғындармен кездесулерде мамандар газ құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, газ приборларын тексерту мерзімдері мен сервистік қызмет көрсетушілермен келісімшарт жасау маңызды екендігін ескертті. Сондай-ақ қауіпті жағдайлар туындаған кезде тез арада тиісті органдарға хабарласу тәртібі түсіндірілді.

Алдағы кезеңде аталмыш профилактикалық жұмыстар Қаратау ауданының өзге де елді мекендерінде тұрақты түрде жалғасатын болады. Мұндай шаралар тұрғындардың газдан улану қауіпінен қорғануына, ауданның жалпы қауіпсіздік деңгейін арттыруға және отбасылардың тыныштығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Қаратау ауданы әкімдігі тұрғындарды газ құрылғыларын дұрыс пайдаланып, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырып, профилактикалық түсіндіру жұмыстары алдағы жылыту маусымында да жалғасатынын атап өтті.