Түркістан облысының Әділет департаменті мен «Болотов и Партнеры» ЖШС арасында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды деп хабарлайды Ntime.kz. Аталған меморандум аясында Департамент пен «Болотов и Партнеры» ЖШС арасында зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі басты бағыттар көзделген, соның ішінде, тәжірибе алмасу, біріккен іс-шаралар өткізу, кәсіпкерлер үшін бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту, құқықтық сауаттылықты насихаттау, іскерлік кәсіби қатынастарды жетілдіру мақсатында, өзара ақпараттық және консультациялық қолдау көрсету қамтылған.