Қазіргі жаһандану дәуірінде дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету — кез келген мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Әсіресе көпұлтты және көпконфессиялы қоғамда діни келісім мен өзара түсіністік елдің ішкі тұрақтылығы мен дамуының басты кепілі болып табылады. Сондықтан бұл бағытта жүйелі әрі кешенді жұмыстар жүргізу аса қажет.
Ең алдымен, дін саласын құқықтық тұрғыдан реттеу маңызды. Мемлекет діни ұйымдардың қызметін заң аясында бақылап, олардың ашық әрі әділ жұмыс істеуін қамтамасыз етуі тиіс. Бұл ретте діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу негізгі басымдықтардың бірі болып саналады. Заң талаптарын сақтау қоғамдағы қауіпсіздікті нығайтады.
Сонымен қатар, халықтың діни сауаттылығын арттыру ерекше рөл атқарады. Дін туралы дұрыс әрі ғылыми негізделген білім адамдарды түрлі жалған ағымдар мен теріс идеологиялардың ықпалынан қорғайды. Білім беру мекемелерінде дінтану пәндерін оқыту, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу — осы бағыттағы тиімді шаралардың бірі.
Конфессияаралық келісімді нығайту да тұрақтылықтың маңызды факторы. Әртүрлі дін өкілдерінің өзара сыйластығы мен түсіністігі қоғамдағы татулықты арттырады. Түрлі диалог алаңдары, форумдар мен кездесулер ұйымдастыру арқылы ортақ құндылықтар насихатталады. Бұл өз кезегінде қоғамдағы сенім мен бірлікті күшейтеді.
Мемлекет пен дін арасындағы қатынастың теңгерімді болуы да аса маңызды. Зайырлы мемлекет қағидаларын сақтау арқылы барлық діндерге тең мүмкіндік беріледі. Діннің саясатқа араласуын шектеу — тұрақтылықтың негізгі шарттарының бірі.
Бүгінгі таңда ақпараттық кеңістіктің әсері де айтарлықтай. Интернет пен әлеуметтік желілер арқылы таралатын радикалды идеялар жастарға кері ықпал етуі мүмкін. Сондықтан ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сенімді әрі сапалы контент ұсыну — уақыт талабы.
Шарадара ауданында дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облыстық №4 ОРМБЖСМ жаттықтырушыларымен «Деструктивті діни ағымдардың алдын алу», «Ұлтаралық татулық дінаралық тұрақтылық” — тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге аудандық — ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, ауданның құрметті азаматы Қ.Ілесов, аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров, Шардара қаласы әкімі аппаратының бас маманы Ж.Мүталиев, Түркістан облыстық №4 ОРМБЖСМ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Қадыр қатысты.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров:
Қазіргі таңдағы өзекті деген үлкен мәселелердің бірі – жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткен түрлі діни ағымдар десек артық айтқандық емес. Кереғар діни ағымдар қоғамға, айналаға, соның ішінде жастарымызға ерекше әсер етіп, ұдайы адастырумен келеді. Соның салдарынан отбасылардың ажырасуы көбейіп, түрлі дінді ұстанудың нәтижесінде жанұяларда ұрыс — керістер орын алып, көптеген бөлінушіліктерге негіз болуда. Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға кері әсері отбасылық құндылықтардың бұзылуына, жастардың санасын улауға және әлеуметтік тұрақтылықты шайқалтуға бағытталған. Олар адамның психологиялық еркіндігін шектеп, радикалды көзқарастарды таңу арқылы радикалды топтарға тартады. Бұл ұлттық мәдениеттен алшақтатып, қоғамда сенімсіздік пен жік салуға алып келеді деп сөзін қорытындылады.
Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, ауданның құрметті азаматы Қ.Ілесов: Ұлтаралық татулық – кез келген мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының басты кепілі болып табылады. Бұдан көп диаспоралы ел саналатын Қазақстан да тысқары қала алмайды. Жұртқа белгілі жайт, егер әртүрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бір елде бейбіт өмір сүріп, бір — бірінің мәдениеті мен дәстүрін құрметтегенде қоғамда келісім мен бірлік қалыптасады. Тағдырдың жазуымен әртүрлі ұлт пен ұлыс өкілдері қоныстанған Қазақстан – дәл осындай татулық пен келісімді ту еткен мемлекеттердің бірі болып саналатындығын мақтан ете аламыз.
Жастар да ұлтаралық татулықты сақтауда маңызды рөл атқарады. Олар өзара достық қарым — қатынас орнатып, түрлі мәдени шараларға қатысып, әр ұлттың дәстүрін танып-білуі керек. Бұл – болашақта бейбіт әрі тұрақты қоғам қалыптастыруға көмектеседі. Ұлтаралық келісім — кез келген мемлекеттің бейбітшілігі мен тұрақтылығының басты шарты. Қазақстан — көпұлтты ел. Мұнда жүзден астам ұлт пен ұлттың өкілдері тұрады деп сөзін аяқтады.
Қорытындылай келе, дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету — кешенді әрі үздіксіз жүргізілетін процесс. Ол мемлекет, қоғам және әрбір азаматтың бірлескен әрекеті арқылы ғана жүзеге асады. Тек өзара құрмет, білім және жауапкершілік арқылы ғана бейбіт әрі тұрақты қоғам қалыптастыруға болады.
