Діни келісім және қоғамдық тұрақтылық

Діни келісім

Дін – қоғамның рухани өмірінің маңызды бөлігі. Ол адамдарды адамгершілікке, ізгілікке және өзара сыйластыққа тәрбиелейді. Сондықтан дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтаудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.

Діни тұрақтылық азаматтардың ар-ождан және діни сенім бостандығын құрметтеуге негізделеді. Әртүрлі діни бірлестіктер мен конфессиялар арасында өзара түсіністік пен толеранттылықтың болуы қоғамдық келісімді нығайтады. Сонымен қатар, дін өкілдері мен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалог та маңызды рөл атқарады.

Қазіргі таңда діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу мәселесі ерекше маңызға ие. Осыған байланысты халықтың діни сауаттылығын арттыру, жастарға дұрыс рухани-адамгершілік тәрбие беру және дәстүрлі құндылықтарды насихаттау қажет. Бұл қоғамның тұрақтылығын сақтауға және теріс идеологиялардың таралуына жол бермеуге көмектеседі.

Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті. Өзара құрмет, толеранттылық және сындарлы диалог арқылы ғана қоғамдағы бейбітшілік пен бірлікті нығайтуға болады.

Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында Шардара аудандық ардагерлер үйінің мәжіліс залында кеңестің алқа мүшелері, қала, ауылдық бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағалары, «Әкелер мектебінің» төрағасы және медиаторларымен «Жастар арасында деструктивті діни ағымдардаң алдың алу», — тақырыбында кездесуге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Бердібеков, аудандық ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі А.Оспанов, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы Е.Сариев қатысты.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Бердібеков: Жастардың діни сауаттылығы — қазіргі қоғамда күрделі әрі өзекті мәселенің бірі. Дін жастарды несімен қызықтырады? Жастардың пікірі бойынша, дін — адамдарды сабырлыққа және адамдарға деген сүйіспеншілікке тәрбиелей отырып, жастар үшін Жаратушыға деген сенім өмірдегі мәнді құндылық ретінде жақсылыққа деген үміт болып табылады. Демек, дін — адамның рухани қалыптасуы мен дамуында шешуші ықпал ететін факторлардың қатарынан орын алатынын тілге тиек етті.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі сектор меңгерушісі А.Оспанов: Жастардың басым бөлігінің қоғам өміріне араласуы ғаламтор желісі арқылы жүзеге асады. Ғаламтор жүйесі мейілінше дамыған заманда діндер бойынша да сан түрлі мағлұмат алуға болады. Оның бірақ дұрысы да, бұрысы да жетіп артылады. Жастардың діни көзқарастарының дұрыс бағытта қалыптасқаны, радикалды діни иедеялардан мүлдем аулақ болғаны қажет. Жастардың ғаламторға тәуелділігін жою, оларды шынайы өмірге араластыру үшін олармен көбірек қарым — қатынас жасап, қоғамдық пайдалы еңбекке, қызығушылығы бойынша мәдени, спорттық іс — шараларға тарту керек. Жастардың діни көзқарастарының дұрыс бағытта қалыптасқаны, радикалды діни идеялардан мүлдем аулақ болғаны қажет деп сөзін аяқтады.

Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің теолог маманы Е.Сариев: Жастарымыздың адасуына себеп болып отырған ғаламтор мен әлеуметтік желілер. Өкінішке орай, әлеуметтік желілер мен ғаламтор беттерінде тыйым салынған уағызшылардың уағыздары, экстремистік сипаттағы топтардың әлеуметтік желілерде, адамды қызықтыратын түрлі материалдармен бөлісуі, жастардың ақпарттарды дұрыс сүзгіден өткізе алмауы адасуға әкеліп соғуда. Әлеуметтік желілерде ақпараттардың ашық болуы, әр алуан мағлұматтардың көптігі жастарымыздың санасының улануына әкеліп отыр. Теріс ағымдағы ұйымдардың басты құралы-халықтың сеніміне кіру. Көп жағдайда олар жастарға сенімді дос болуға тырысады деп сөзін қорытындылады.