«Ontustik» телеарнасының радиосында сұхбат берілді

Ontustik

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас маманы А.Қансейіт «Ontustik» телеарнасының радиосында 2026 жылдың 1 тоқсан қорытындысы және құқықтарды қалпына келтіру бағыты бойынша сұхбат берді.

Сұхбат барысында, радио тыңдаушылардың назарына мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2026 жылдың 1 тоқсанында департаментпен атқарылған жұмыс қорытындылары және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бақылау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша азаматтардың қалпына келтірілген құқықтары жайлы ақпараттармен бөлісті. 

Сұхбаттың мақсаты халықпен тиімді және тығыз жұмыс жасау, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру бойынша халықпен мемлекеттік органдардың арасында өзара қатынастарды қалыптастыру болып табылады.