Бәйдібек ауданында дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.
Кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің маманы Қосмаханов Қуаныш қатысты.
Іс-шараның мақсаты – тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту және азаматтардың радикалды идеологияларға қарсы иммунитетін қалыптастыру.
Іс-шараға аудан тұрғындары, жастар, қоғамдық ұйым өкілдері мен сала мамандары қатысты. Кездесу барысында қоғамдағы діни тұрақтылықты нығайтудың маңызы, дәстүрлі рухани құндылықтарды сақтау, сондай-ақ жат діни ағымдардың ықпалынан сақтану мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Мамандар діннің қоғамдағы орны мен рөліне тоқталып, азаматтардың діни сауаттылығын арттыру бүгінгі күннің өзекті міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар жастар арасында ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрді дәріптеудің маңыздылығы айтылып, ата-бабадан мирас болған құндылықтарды ұлықтау – ел бірлігі мен қоғамдық келісімнің берік негізі екендігі жеткізілді.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар беріліп, дін саласына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сондай-ақ экстремизм мен радикализм идеологияларының алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындарға ақпараттық материалдар таратылды.
Мұндай кездесулер тұрғындардың діни сауаттылығын арттырып қана қоймай, қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға, ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттауға және жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге ықпал етеді.
Кездесу барысында дәстүрлі ислам құндылықтарының қоғам өміріндегі маңызы, деструктивті діни ағымдардың белгілері мен олардың теріс ықпалы, діни ақпараттарды сенімді дереккөздерден алу қажеттілігі жөнінде кеңінен түсіндірілді.
Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға теологиялық және құқықтық тұрғыда нақты жауаптар берілді.
