Түркістан халықаралық әуежайы «Түркістан-Талдықорған» әуе бағытымен толықты. Билет құны – 8000 теңгеден басталады. Осымен рейс бағыттары 15-ке толығып отыр.Бүгінде әуежайдан халықаралық және ішкі бағыттар бойынша әуе рейстері орындалуда. Олар:
1) «Түркістан-Стамбул» – аптасына 4 рет (сейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі);
2)«Түркістан-Бішкек» – аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);
3)«Түркістан-Ташкент» – аптасына 2 рет (дүйсенбі, бейсенбі);
4)«Түркістан-Нұр-Сұлтан» – күнделікті;
5)«Түркістан -Алматы» – аптасына 5 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі);
6)«Түркістан-Қостанай» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);
7)«Түркістан-Семей» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);
8)«Түркістан-Атырау» – аптасына 3 рет (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);
9)«Түркістан-Қарағанды» – аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);
10)«Түркістан-Көкшетау» — аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);
11)«Түркістан-Ақтөбе» – аптасына 3 рет (сейсенбі, бейсенбі, жексенбі);
12)«Түркістан-Ақтау» – аптасына 3 рет (сәрсенбі, сенбі, жексенбі);
13)«Түркістан-Павлодар» – аптасына 3 рет (сәрсенбі, сенбі, жексенбі);
14)«Түркістан-Орал» – аптасына 2 рет (сейсенбі, сенбі);
15)«Түркістан-Талдықорған» — аптасына 2 рет (бейсенбі, жексенбі).
Ұшу уақыттары мен билет құны туралы ақпаратты Түркістан халықаралық әуежайынан, әуекомпаниялардың ресми сайттарынан немесе aviata.kz, kaspi.kz, chocotravel.com, tickets.kz. probilet.kz тағы басқа да қосымшалардан білуге болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі