2021 жылдың 7-қыркүйегінде Әл-Фараби АПБ-ның «102» нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында, белгісіз тұлға көлік әперемін деп, сеніміне кіріп, 1.200.000 теңге ақшасын иемденіп алғандығын көрсеткен. Әл-Фараби АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторларымен жедел-іздестіру іс шара жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Тексеру жұмыстары жүргізілуде. Өз кезегінде, шымкенттік полицейлер тұрғындарға бейтаныс азаматтарға ақша бермеуге шақырады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі