Қызылорда облысында соңғы тәулікте 5 науқастан коронавирус инфекциясы анықталды деп хабарлайды Кызылорда облысы әкімдігінің баспасөз орталығы. Тіркелген науқастардың 4-і Қызылорда қаласының азаматы, 1-уі Сырдария ауданының тұрғыны.
Өткен тәулікте 9 науқас індеттен айықты. Оның 9-ы Қызылорда қаласының тұрғыны.
Індет басталған кезеңнен бері 3743 адам вирустан жазылып шықты.
24 сағат ішінде зертханаға 1258 сынама тапсырылған. Оның 773-і тексерілді, 485-ібойынша жұмыс жасалуда. 15452 қалдық тест қалып отыр.
Бүгінгі күні өңірде инфекциялық стационарда 39 науқас, 2 науқас инфекциялық стационардың реанимация бөлімінде ем қабылдап жатыр.