Әл-Фараби ауданының Полиция басқармасына «Әл-Муслим» мешітінің бас имамы арызданған. Ол өз арызында, белгісіз тұлға мешіттегі садақа жәшігінің құлпын бұзып, жасырын түрде ішінде болған ақшаларын ұрлап кеткенін жазып көрсеткен. Аталған жайт бойынша, Әл-Фараби АПБ криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында садақа жәшігіне қол салған азамат анықталды. Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарға жеке мүлкіне сақ болуға шақырады. Егер сіз ұрлықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» нөміріне хабарласыңыз.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі