Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасының Есірткіге қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкері Қ.Юсупов №130 жалпы орта мектебінің 9-11 сынып оқушыларына «Есірткіге қарсы күрес» тақырыбында профилактикалық іс-шарасын жүргізді. Іс-шараның мақсаты оқушылар мен жастар арасындағы қылмыстың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, қоғамды есірткіге қарсы қою және жасөспірімдер арасында есірткіге қарсы иммунитетті көтеру болып табылады. Алдағы уақытта аталған іс-шаралар өз жалғасын табады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі