Ағымдағы жылдың 21 қазан күні Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің ұйымдастыруымен және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен “Білім. Бірлік. Болашақ” тақырыбында “QIQAZAN” интеллектуалды ойынының күзгі маусымы өтті.Кезекті рет ұйымдастырылған ауқымды шара – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте білім мен зердеге (ой-санаға) басымдық беру арқылы жемқорлық көріністеріне қоғам болып төтеп беруді, саналы ортаны қалыптастыру арқылы бармақ басты, көз қысты әрекеттерге жол бермеуді көздейді.Конгресс холл көпсалалы кешенінде өткен шарада арнайы сөз алған Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Хаким Көшқалиев сыбайлас жемқорлықтан азат парасатты қоғамды қалыптастыруда – білім көкжиегі кең ел азаматтарының тигізер үлесі мол екендігін және сыбайластыққа жалпы қоғам болып төтеп беру қажеттігін жеткізіп, білімділер додасына қатысушы командаларға тілектестігін білдірді.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, Түркістанның тарихы және ой ұтқырлығы бойынша 7 кезеңнен тұрған «OIQAZAN» зияткерлік ойынында 7 қатысушыдан құралған жалпы саны 28 команда бақтарын сынады. Аталған дүбірлі додаға Түркістан облысының Әділет департаменті қызметкерлері яғни “Әділет” командасы білім мен біліктілік, пайым мен парасат, шапшаңдық қабілеттерін көрсете білді.Өзара бақ сынаған командалардың құрамында облыс орталығында орналасқан білім беру ордаларының студенттері мен мектеп оқушылары және Түркістан облысына қарасты мемлекеттік, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың мамандары, кәсіпкерлер, журналистер мен блогерлер, имамдар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтар, ұстаздар мен қоғам белсенділері, сондай-ақ «Тұран» футбол клубының ойыншылары болды.Жүзден жүйрік деп танылған сайыс жеңімпаздарына ынталандыру сыйлықтары мен марапаттар үлестірілді.
Түркістан облысының Әділет департаменті