Түркістан облысының полицейлері танысының 1 500 000 теңгесін алдап алған азаматты ұстадыКентау қалалық ПБ-ға кезекші бөліміне жергілікті тұрғындардың бірінен хабар түскен. Жәбірленуші әйелдің айтуынша өзінің алыс танысы жаңадан бой көтеріп жатқан көп қабатты үйден пәтер алып беремін деп алдаған. Осылайша 1 500 000 теңгесін алаяқтық жолмен алып алған. Аталған деректі полицейлер ҚК 190-бабы, яғни «Алаяқтық» қылмыстық құқық бұзушылық бойынша тіркеді. Орын алған алаяқтық қылмысын тез арада ашып, күдіктіні құрықтау мақсатында ауданның қырағы полицейлерінен арнайы топ құрылып, жұмыс жасалды. Нәтижесінде полицейлер, күдікті ер адамды ұстап, бөлімшеге жеткізді. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жақын таныс емес адамдарға сенбеу керектігін ескертеді. Егер, сіз, алаяқтықтың құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыз.
ТО ПД баспасөз қызметі