Түркістан облысында жеке сот орындаушы алимент бойынша 1млн. теңге көлеміндегі қарыз берешегін өндірді. Облыс тұрғыны К.Тастагановтан өндіріп алушы Г.Махатованың пайдасына 1/3 мөлшерде алимент өндіру туралы Түркістан қалалық сотының сот бұйрығы шыққан. Аталған атқарушылық іс жүргізу Түркістан облысының атқарушылық округінің жеке сот орындаушысы Ж.Ормановтың өндірістік орындауында болған. Нәтижесінде жеке сот орындаушысы Ж.Ормановпен борышкерге қатысты Қазақстан Республикасы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңында көзделген мәжбүрлеу орындату шараларын қолдана отырып, өндіріп алушы Г.Махатованың пайдасына алименттен 2 жылда қарыз берешегі есебінде жиналған борышкерден 1 000 000 теңге өндірілді.
Түркістан облысының Әділет департаменті