Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттау мақсатында Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі филиалы Арыс локоматив пайдалану депосында семинар өтті. Жиынға «Nur Otan» партиясы Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақтығали Ділдабеков, 40-тан астам теміржолшылар қатысты. Актив жиналысын Арыс локоматив пайдалану депосының директоры, қалалық мәслихат депутаты Өтегенов Қалдыхан ашып, жүргізіп отырды.Президент Жолдауында айтылған негізгі міндеттер мен алға қойылған мақсаттар жөнінде қаламыздың құрметті азаматы Арыстанбаев Оразхан баяндама жасады. Жиында сөз сөйлеген «Nur Otan» партиясы Арыс қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақтығали Ділдабеков жолдаудың ерекшелігіне тоқталып, қатысушыларға алғысын білдірді. — Биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі – ол қазақстандықтардың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, орта және шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, халықтың өмір сүруіне қолайлы, әрі қауіпсіз қоғамдық орта құруға бағытталған. Бүгінде барша қазақстандықтар Жолдаудағы алдымызға қойылған міндеттерді орындауда. Жолдауды насихаттап халыққа дұрыс жағынан жеткізе білу біздің міндетіміз. Сол міндетімізді орындау мақсатында осы кездесуді ұйымдастырып, пікір алмасуға келіп отырған азаматтарға алғысымды білдіремін,- деді ол.Шара барысында теміржолшылар Мемлекет басшысының Жолдауын қолдайтындарын жеткізіп, кездесуге келген ақпараттық-насихаттық топ мүшелеріне алғыстарын білдірді.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі