Ең алдымен, автомобильді қысқа дайындау машина дөңгелектерін қысқы шинаға ауыстыру болып табылады. Алғашқы аяздың басталуымен күтпеген жерден «машинасыз қалмау» және шиномонтаждарда үлкен кезектерден аулақ болу үшін оны алдын ала жасау керек. Бірінші кезекте жазғы резеңкені қысқы резеңкеге ауыстыру қажет.Машинаны қысқа дайындауда келесі кезең, қозғалтқышта майдың мөлшерін тексеру керек. Ол төмен температураларда қоюланып қалуы мүмкін. Жаңа және таза май мотордың жақсы жұмыс жасауына кепіл бола алады. Қажет болған жағдайда, майды климаттық жағдайларға сәйкес сатып алынған жаңа майға ауыстырыңыз.
ТО ПД баспасөз қызметі