Жамбылдық полицейлер Шу қаласында ірі көлемде есірткі затын тәркіледі деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі
Ағымдағы жылдың 10 наурызында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 31 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, тінту кезінде жеке тұрғын үй аумағынан жалпы салмағы 3 жарым келіден асатын «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді.
Ұсталған ер адам кінәсін мойындап, Шу қалалық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осыған байланысты 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген
В Шу Жамбылские полицейские изъяли наркотики с крупным весом
10 марта текущего года сотрудники Управления по противодействию наркопреступности Департамента полиции Жамбылской области в городе Шу провели оперативно-розыскные мероприятия передает пресс-служба ДП Жамбылской области.
В ходе ОРМ был задержан 31-летний местный житель, у которого во время обыска на территории личного жилья обнаружено и изъято наркотическое средство «марихуана высушенная» общим весом более 3-х с половиной килограмм.
Задержанный мужчина дал признательные показания и водворен в Изолятор временного содержания отдела полиции города Шу. Начато досудебное расследование по ст.296 ч.4 Уголовного Кодекса Республики Казахстан (Незаконное хранение наркотических средств в особо крупном размере. Наказывается лишением свободы от 3-х до 7-лет).