Қалалық ақпараттық коммуникациялық орталығында жылу беру маусымындағы өрт қауіпсіздігі туралы брифинг өткізілді. Бас спикер болып мемлекеттік өрт бақылау басқармасының инженері Азамат Бұлдырықов сөз сөйледі. Шымкент қаласы аумағында 2021 жылдың 11 айында 182 өрт тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға азайған. Материалдық шығын 616 млн. 585 мың теңгені құрады, биылғы жылы қайтыс болған адам тіркелмеді, 2 адам жарақат алып, өткен жылмен салыстырғанда 60% – ға азайды. Спикердің мәлімдеуінше тіркелген өрттердің негізгі бөлігі тұрғын үйлерде орын алған — 101 өрт. Ағымдағы жылдың 2021-2022 жылғы жылу беру маусымында тұрғын үйлерде 29 өрт тіркеліп, өткен жылу маусымымен салыстырғанда 30% төмендеп отыр. Материалдық шығын 63 млн. теңгені құрады (2020-2021 ж. – 38 млн.теңге). Тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу нәтижесінде жылу беру маусымында табиғи газдан уланудың 5 оқиғасы тіркеліп, салдарынан 4 адам қайтыс болды (оның ішінде 2 бала), 3 адам жарақат алды. Өткен 2019-2020 жылғы жылу беру маусымымен салыстырғанда улану саны екі есеге (1,8 есе), қаза болғандар екі жарым есеге (2,75), жарақат алғандар саны 33% — ға төмендеген. Осы статистиканы келтіре отырып, Азамат Бұлдырықов жылу беру маусымында жазатайым оқиғалардың алдын алудың негізгі құралы — үгіт-насихат жұмыстары екендігін атап өтті. Қала аумағындағы мөлтек аудандарда жалпы саны 308210 адам қамтылған 73068 үйге, 11245 адам қамтылған 192 жиын өткізіліп, арнайы жаднамалар таратылды. Қала аумағындағы сауда орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, қаланың LЕD-экрандарында, сауда-ойын сауық ортылығында орналасқан кинотеатрларда (қойылым басталмай тұрып) «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында арнайы дайындалған бейнероликтер көрсетілуде. Газдан немесе жану өнімдерінен уланып, қайғылы салдарының тәуекелдерін төмендету мақсатында жеке тұрғын үйлерде улы газдан датчиктерді орнату жалғасуда. Бүгінгі күні қала бойынша жеке тұрғын үйлерде 82 датчик орнатылған, оның ішінде табиғи газ – 25, улы газ – 35 және түтін газы –22. Соңғы жылы тұрғын үйлерде әкімдіктер мен демеушілер есебінен 1102 автономды датчиктер орнатылды.Спикер алдағы жылыту кезеңін қауіпсіз өткізуге мүмкіндік беретін өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет екендігін нақтылады.
Шымкент қаласының ТЖД