Хабарландыру!!!

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Әдеп жөніндегі уәкілдің, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, Шымкент қаласының әкімі аппараты, Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармалары, халықты жұмыспен қамту және халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметшілерінің қатысуында азаматтарға және мемлекеттік қызметшілерге құқықтық көмек беру акциясы өткізіледі. Акция барысында мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру және мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бағытында жүзеге асырылып жатқан шаралар, Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органның құзыреті мен функциялары, мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызмет көрсету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, еңбек саласындағы заңнамалар және басқа да сұрақтар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Акцияның өтетін орны: Шымкент қаласы, Мәделі Қожа көшесі, №1Г үй мекен-жайында орналасқан Шымкент қаласының Абай ауданы бойынша халыққа қызмет көрсету орталығы ғимаратының 1-қабаты. Акцияның өтетін мерзімі: 02.12.2021 жылы сағат 15.00-ден бастап.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті