2021 жылдың 9-желтоқсанында Еңбекші АПБ-на жергілікті тұрғын арызданды. Ол онда құрылыс алаңында жинаулы тұрған темір арматураларды белгісіз тұлғалар жасырын ұрлап кеткенін көрсеткен. Еңбекші АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлермен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Қазіргі таңда арматура ұрлаған азаматтарға қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігімен (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) қылмыстық іс тергелуде. Аталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде. Өз кезегінде Шымкент қаласының полицейлері ұрлық жайты орын алмас үшін бағалы заттарыңызға мұқият болып, яғни сақтық шараларын сақтауға кеңес береді.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі