Біздің күнделікті күйбең тірліктің таразысын туралап отыратын жүрегі жылуға толы адамдар саны аз емес. Олар күнделікті қызметте ерлік жасап жүрседе қарапайымдылығымен ерекше. Тек сондай қарапайым адамдарды қаһарман ететін өжетке толы өзегі мен қайратқа толы қызметі. Олардың бірі-өрт сөндіруші-құтқарушылар. Тыныш тірліктің тынысын қамтамасыз ететін бүгінгінің қаһармандарының ерлікке толы еңбегі де әркімнің қолынан келе бермейді.
Ал осы өрт сөндірушілерді даярлайтын еліміздегі жалғыз жоғарғы оқу орны ол — Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясы. Аталған оқу орны 1973 жылдан бері төтенше жағдай мамандарын дайындап келеді.
Бүгінде Көкшетау қаласында орналасқан Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына талапкерлерді қабылдау жүргізілуде. Академияға орта білімі бар, 16 жасқа толған, әскери қызметке және оқуға жарамды Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін ҰБТ шекті баллы — 50. Курсанттар республикалық бюджет есебінен оқытылады. Барлық оқу кезеңінде киім-кешекпен, тегін тамақтану және мемлекеттік шәкірт ақымен қамтамасыз етіледі. 1-3 курс курсанттары казармалық жағдайда, 4- курс – Көкшетау қаласында тұрады.
Академияны бітірген тұлғалардың білім алу уақыты әскери қызметті өтеу уақытына теңеледі және лейтенант атағы беріледі, тұрғылықты жері бойынша ТЖМ бөлімшелеріне кепілді түрде жұмысқа орналастырылады.
М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясынатүсуге ынта білдірген тұлғалар, тұрғылықты мекенжайы бойынша аумақтық Төтенше жағдайлар департаменттерінің және Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің кадр саясаты бөлімдеріне өтініш береді. Мекенжайы: 1) Шымкент қаласы, Байтұрсынов көшесі, 68, тел. 37-13-22., 2) Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, 18, тел. 44-94-54. Сонымен қатар барлық мәліметті www.kti-tjm.kz сайтынан біле аласыз.
Барша жастарды қайсар мамандық иесі атану үшін Мәлік Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау академиясына оқуға шақырамыз.
С. Шойманов
Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі