Түркістан облысының медицина мамандары облыс әкімінің қолдауымен АҚШ мемлекетінің Харвест қаласында біліктіліктерін арттырып келген болатын. Дәрігерлер BLS, ACLS, PALS бағдарламалары бойынша жедел медицина нұсқаушыларын даярлау тақырыбында білім алып, жүрек-өкпе реанимациясына және жүрек-қан тамыр ауруларын жедел емдеуді, неонаталды кезеңде адам өмірін сақтап қалу бойынша білімдерін шыңдады.Америка Құрама Штаттарына Түркістан, Кентау қалаларынан және Ордабасы, Жетісай аудандарынан 11 медициналық қызметкер барып келген-ді. Енді бұл мамандар алған білімдері мен тәжірибелерін әріптестеріне үйретуде.– Қазіргі таңда жедел-жәрдем барғанға дейін жүрегі тоқтап қалғандар көптеп кездеседі. Сондықтан кез келген адамда «жүрек-өкпе реанимациясы» бойынша білімі болса біршама адам аман қалар еді. Сол бойынша барлық медицина қызметкерлері мен басқа да сала қызметкерлерін арнайы алынған «Prestan» манекендері арқылы оқыту жоспарда бар, – дейді Кентау қалалық орталық ауруханасының реанимация бөлімінің меңгерушісі Ержан Жұмашев.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі