Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы мемлекеттік мекемесінде ұжым мүшелерінің жалпы жиналысы өтіп, ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» заңына сәйкес мекемеде жұмыс жасайтын барлық 20 қызметкерлер мен жұмыскерлер жазбаша өтініштерінің негізінде 100% кәсіподақ мүшелігіне қабылданып, «ҚЫЗМЕТ» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамына кіретін бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды. Кәсіподақ ұйымының төрайымы болып Алдиярова Айгерім сайланды.ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес мекемедегі ұжым мүшелерінің еңбек жағдайын жақсарту мақсатында әлеуметтік – еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акті – тараптардың келісімі бойынша ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ қабылданды.Ұжымдық шартқа жұмыс беруші тарапынан басқарма басшысы Абдраханов Әсет Маратұлы және қызметкерлердің атынан кәсіподақ комитетінің төрайымы Алдиярова Айгерім қол қойып, оны Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясынан тіркеуден өткізді.Сондай-ақ, бастауыш кәсіподақ ұйымын салалық кәсіподақ құрамына қабылдау және еңбек қатынастары бойынша көмек көрсету мен қызметкерлердің құқын қорғау жұмыстарын бірлесе жүргізу бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Айгерім Алдиярованың және «ҚЫЗМЕТ» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Әуесхановтың арасында жасалған өзара келісім-шартқа қол қойылды.
Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы