Арыс аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі (бұдан әрі ӘҚБтК) 669-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушы М.А-ға қатысты әкімшілік ісі қаралды.Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі 21-бабының 2-бөлігіне сәйкес заңды күшіне енген сот актілері, сондай-ақ сот төрелігін жүргізу кезінде соттар мен судьялардың өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары, сұрау салулары және басқа да өтініштері барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар, азаматтар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға жатады.Шымкент гарнизоны әскери сотының 2018 жылғы 20 желтоқсандағы шешімімен жауапкер М.А-дан талап қоюшы «32363 Әскери бөлімі» Республикалық мемлекеттік мекемесінің пайдасына 209 538 теңге өндірілген. Алайда, М.А. сот шешімін бүгінгі күнге дейін қасақана орындамаған.Соттың қаулысымен құқық бұзушы М.А. ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершіліке тартылып, оған үш тәулікке қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазасы тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Арыс аудандық соты