Қала әкімдігінде Түркістан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі жиын өткізді. Арыс қалалық әкімдігінде Түркістан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Мақсат Исаев пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісовтің қатысуымен жиын өтті. Жиынды Арыс қаласы әкімі аппаратының басшысы Талғат Анашбеков жүргізіп, оған мекеме басшылары, мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Басқосуда сөз болған басты тақырып Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы жайында болды. Жиында алғаш сөз алған Түркістан облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының басшысы Ержан Әліұлы аталған тұжырымдама бойынша атқарылатын жұмыстардың барысы мен оның орындалуына тоқталып, баяндама оқыды. Ол Мемлекет басшысы бекіткен алдағы 5 жыл уақыт аралығын қамтитын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі ережелерін түсіндіріп, мемлекеттік органдар орындауға міндетті «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алу» бағытының 4 жобасын таныстырды. Сондай-ақ, жиында елімізде мемлекеттік қызметшілерге арналған әдеп кодексінің жаңа жобасы дайындалғаны айтылып, жоба туралы мемлекеттік қызметкерлерге Түркістан облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Мақсат Шамансұрұлы кез-келген жерде заңды сақтау басты мәселе екенін баса айтты.Жиын соңында мемлекеттік қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы және әдеп кодексінің жаңа жобасы жайында сұрақтар қойылып, тұщымды жауап алынды.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі