Beeline Түркістан облысын LTE-мен қамтамасыз етуді белсенді түрде қолға алуда

Ағымдағы жылы Түркістанда интернет аумағы мен сапасы арта түсті Бұған себеп, Beeline компаниясы елдің барлық өңірлерін 4G байланысымен  қамтамасыз етуге үлкен бағыт алды. Осылайша, “LTE everywhere” жобасының арқасында Түркістан облысындағы көптеген елді мекендерде желі сыйымдылығы мен таралымы арта түсті.

         Жыл басынан бері сапалы мобильді байланыс облыстың бірқатар маңызды объектілері мен аудандарында пайда болды. Жаңа базалық станциялар орнатылғанның арқасында желінің өткізу мүмкіндігі кеңейіп, енді байланыс А2 (бұрынғы Алматы тас жолы) мен Р32 (жаңа Алматы тас жолы) — республикалық маңызы бар жолдарда пайда болды. Бұдан басқа, жоғары жылдамдықты мобильді интернет Түркістан қаласында, “Керуен сарай”, Қайнарбұлақ т/а ауданы мен Ынтымақ-2 шағын ауданында да қолжетімді болды.

         Түркістан облысының 12 ауыл тұрғындары енді жұмыс жасау, білім алу және демалу үшін үздіксіз 4G желісін пайдалана алады. LTE желісіне мына елді мекендер қосылған: Жаңадала, Әлкен Оспанов, Қарақай, Қараой, Бәйтерек, Жамбыл (Жетісай ауданы); Рыскүл, Мақталы, Көксағыз (Түлкібас ауданы); Көлтоған (Ордабасы ауданы); Таскескен (Тегісшіл а/о) мен Кентау қаласы, Жібек жолы а/о, 30 разъезд, Жүсіпов к., 3А үй.

         Beeline компаниясы өзі бастаған “LTE everywhere” бағдарламасынан бөлек мемлекеттік маңызы бар “250+” жобасына да қатысуда. Оның аясында Қазақстанның шалғай жерлерінде тұрақтаған 1500-ден астам елді мекен оператордың байланысына қосылған.

         Біз елдегі желіні үнемі дамытып, байланыс сапасы мен инфрақұрылымның сенімділігін арттырудамыз. 2021 жылмен салыстырғанда Түркістан облысындағы абоненттеріміздің мобильді интернетті тұтынуы 14 пайызға өскен. Ендігі жоспарымыз 4G желіні кеңейтіп, бұл жұмысты келесі жылы да жалғастыру», — дейді Beeline-ның Шымкент қаласындағы техникалық бөлімінің бастығы Нұркен Өмірзахов.

         Сондай-ақ, компания өкілдері 5G-ге қосылуды қашан күтуге болатыны жайлы түсініктеме берді. Техникалық бөлім басшысының айтуынша, бұл ұялы байланыс стандарты корпоративтік бизнеске қолайлырақ. Ал жеке адамдар үшін бұл көрінгендей тиімді емес — мұндай жылдамдықта трафик пен теңгерім тез жұмсалады, нәтижесінде,  теңгерімді айына бірнеше рет толтыруға тура келеді. Сондықтан компания санаулы адамдар үшін қолжетімді 5G қарағанда барлығына қолжетімді 4G жақсы деген ұстанымға келді.

         Компания деректері бойынша, бүгінгі күні Шымкент тұрғындарының 80% мобильді интернетті пайдаланады, Түркістан облысы бойынша бұл сан 77% құрайды.

         Сондай-ақ, Beeline ақпаратына сәйкес, соңғы жылдары абоненттер трафикті көбірек пайдалана бастаған. Бұл дегеніміз, желідегі жүктеме де айтарлықтай артқан. Ал желі жүктемесіне сай сапалы байланыспен қамтамасыз ету үшін, компания өз желісін дамытуға ұдайы инвестиция құйып тұрады. Тек 2021 жылдың өзінде Beeline Қазақстан өзінің 10 миллион абоненті сапалы және қолжетімді байланыс пен интернетті пайдалана алуы үшін 58 миллиард теңге мөлшерінде инвестиция құйған.

         Бұл ретте Қазақстан интернеті арзан 10 елдің қатарына кіретінін де айта кеткен  жөн. Ал елдегі мобильді интернетті тұтыну әлемдік орташа көрсеткішпен салыстырғанда  шамамен 50% жоғары екен.

Ntime.kz