DENSAULYQ» кәсіподағы Наурыз мерекесіне орай азық түлік себетін таратты

«DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі кезекті рет қайырымдылық шарасын өткізді. 22-наурыз Наурыз мерекесіне орай 270 кәсіподақ мүшелеріне азық-түлік себеттері таратылды. Солардың бірі Байзахова Захира медициналық мекемеде мейірбике болып жұмыс істейді.

“Тұрақты көмек алып отырмыз. Біз сияқты қарапайым халық үшін мұндай әлеуметтік көмектің маңызы зор. Көп балалы отбасы болғандықтан, қолдауды қажет етеміз. Осыны ескерген қайырымды жандарға алғысым шексіз. Мекеменің бастаушысы мен қолдаушысы Сакен Арыстанұлы бастаған барлық ұжымға қалың көпшілік атынан мың алғыс айтамын. Бұл қолдаудың өзі біз үшін үлкен көмек.” –дейді Захира.

Айта кетейік, Кәсіподақ ұжымы өңірлердегі медицина қызметкерлеріне қолдау көрсетіп қана қоймай, оларға әлеуметтік көмек те көрсетіп келеді. Қай кезде болмасын, қайырымдылық танытып, көмек қолын созып келеді. Кәсіподақ тарапынан көмек алғандардың саны облысымызда жылдан-жылға артып, сала қызметкерлерінің сеніміне ие болуда.

«DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің ұжымы қысқа мерзімде және жоғары кәсіби деңгейде атқарылған жемісті, сапалы жұмыстың арқасында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының ұсыныс, өтініші бойынша күрделі мәселені шешуде әрқашан тиімді нәтижеге қол жеткізіп келеді.

Түркістан облысы бойынша денсаулық саласы үшін үлкен жетістіктер. Медицина қызметкерлеріне 2023 жылы 1 қантардан бастап дәрігерге 30%, орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 20%-ға артты.

Алдағы уақытта да «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі мекеме басшысы Сакен Арыстанұлының бастауымен көптеген шараларды өткізуді мақсат етіп отыр.