«Turkistan» телеарнасында өзгеше «Төзім test» реалити шоуы

Бүгін Түркістан телеарнасындағы «Төзім TEST» реалити шоуының алтыншы күні. Қатысушылардың төзімін тексеретін, түрлі сынаққа толы жобаға төрт адам қатысып, бүгінде екі адам ғана қалған. Оларға күн сайын психологиялық, физикалық жәнеинтеллектуалды тапсырмалар берілуде. Қатысушылар бір бөлмеге жайғастырылып, оларды арнайы күзет бақылауда ұстайды.

Сондай-ақ, қатысушылар қоғамнан оқшауланып, ұялы телефоннан да шеттетілген. Бұл — төзім мен шыдам барынша сыналатын дода. Қателікке бой алдырып, қиындыққа төзе алмағандар жобамен қош айтысады. Жеңімпазға 1 миллион теңге бұйырады. Жоба бақылаушыларының айтуынша, тар қапастағы миллион теңгеге талас нағыз қызған шағына келген. Еске сала кетсек, реалити шоудың іріктеу кезеңіне 40-тан астам 20-40 жас аралығындағы ер азаматтар қатысқан. Оның ішінен төрт қатысушы іріктеліп алынған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі