Компьютерлік және түнгі клубтары бойынша рейдтер өткізілді

Бүгінгі таңда  қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі — балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе қазіргі кезде өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Осындай жайттарды болдырмау мақсатында құқық қорғау органдары тарапынан  түрлі іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр.

08.10.2022 жылы республикалық «Участок» профилактикалық іс-шарасының аясында Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ-ның кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекторлары аудан аумағында орналасқан ойын клубтары, кафелер мен мейрамханалар бойынша кезекті рейдтер өткізді.

Іс-шара барысында түнгі уақытта, яғни сағат 23:00-ден кейін заңды өкілсіз қоғамдық және ойын-сауық орындарда көңіл көтеріп жүрген балаларды іздеді.

Басты мақсат балалар қылмысының алдын алу және болдырмау, есірткі мен алкогольдік ішімдіктерді пайдаланатын балаларды анықтау болып табылады.

Рейд барысында кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспекторлары құзырлы орган қызметкерлерімен бірлесіп балалардың ата-аналарына ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы) — 4 хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігімен (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы) — 9 хаттама, ал ойын-сауық мекемелерінің әкімшілігіне ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабымен (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта (сағат 22-ден таңғы 6-ға дейiн) заңды өкiлдерiнiң бірге жүруiнсiз ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) 2 хаттамалар толтырылды. Сондай-ақ, алдағы уақытта осындай жағдай қайталанбауы үшін ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.