Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторлардың күнделікті түнгі рейдтері жалғасуда

Тараз қаласының Полиция басқармасы кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта сағат 22:00-ден  таңғы 06:00-ге  дейін ойын-сауық мекемелерінде болуын ескертеді –

заңды өкілдерге үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін болуы –

заңды өкілдерге ескерту жасауға әкеп соғады.

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған осы әрекеттер, – заңды өкілдерге жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, сондай-ақ кәмелетке толмаған жасөспірім   1 жылға полиция бөлімінің  есебіне  қойылады.

ЖО ПД баспасөз қызметі