«Нұр-Сұлтан – Алматы» тас жолын жаңғырту жұмыстары 2023 жылы аяқталады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Нұр-Сұлтан – Алматы» көлік дәлізін жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр. Жоспар бойынша жұмыстар келесі жылы аяқталады.   

Жалпы ұзындығы 946 шақырым болатын көлік дәлізі «Қарағанды-Балқаш», «Балқаш – Бурылбайтал», «Бурылбайтал – Күрті» және «Күрті –Қапшағай» учаскелеріне бөлінген. Бүгінгі таңда жолдың 500 шақырымында жұмыстар аяқталып, көлік қозғалысы ашылған. Тағы 434 шақырымында биыл төменгі қабат жабыны төселіп, пайдалануға беріледі. Ал 2023 жылы жаңғырту жұмыстары толық аяқталады.   

Жолдағы жұмыстарға 1 мыңнан астам техника және 1600-ге жуық маман тартылады. Қазіргі уақытта мердігерлік ұйымдар құрылыс материалдарын дайындап жатыр.         

Жаңғырту жұмыстары аяқталған соң бұл жолмен көліктер сағатына 120 шақырыммен жүре алады. Тиісінше, Нұр-Сұлтан қаласынан Балқаш көліне 6-7 сағатта жетеді. Алматыдан жету үшін шамамен осындай уақыт кетеді.

ҚР ИИДМ баспасөз орталығы