Түркістан облысында кәсіпкерлерге киберқауіпсіздік шаралары туралы айтылды

киберқауіпсіздік

Түркістан облысы ПД Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында облыстың кәсіпкерлік және сауда басқармасымен және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бизнес өкілдері үшін онлайн-кездесу өткізді.
Полиция қатысушыларға жалған инвестициялық жобаларды, фишингтік сілтемелерді және әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы орын алатын алаяқтықты қоса алғанда, интернет-алаяқтықтың кең таралған схемалары туралы жеткізді.
Сонымен қатар кәсіпкерлерге дербес және қаржылық деректерді қорғау шаралары түсіндіріліп, цифрлық сервистерді қауіпсіз пайдалану бойынша практикалық ұсыныстар берілді.
ZOOM платформасындағы онлайн-кездесуге мемлекеттік органдардың, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының және Түркістан облысының 3 мыңнан астам кәсіпкерлерінің өкілдері қатысты.
Өз кезегінде полиция интернет-алаяқтықтың алдын алу және халықтың киберқауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша профилактикалық жұмысты жалғастырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі