Халықтық кеңседе қоғамдық қабылдау өтті

Қоғамдық қабылдаудың мақсаты – мемлекеттік органдардың ашықтығын көрсету мен халық қажеттіліктерін қанағаттандыру, заң шеңберінде тиісті уәкілетті органдар арқылы мәселелерді шешу және жүгінген азаматтарға құқықтық көмек ұсыну.

Осыған сәйкес, Департаменттің ұйымдастыруымен Түркістан қаласының тұрғындарына мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласы бойынша қоғамдық қабылдау өтті.

Аталған іс-шараға Түркістан қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету саласына жауапты дербес бөлім қызметкерлері қатысты.

Қабылдау барысында қала тұрғындарының мемлекеттен тұрғын үй алу, жер құжаттарын заңдастыру, әлеуметтік көмектерді алу бойынша өзекті сауалдарына тиісті сала мамандарымен жауаптар берілді.

Қоғамдық қабылдау Департамент тарапынан алдағы уақытта облыстың барлық қала, аудандарда тұрақты түрде жүргізілетін болады.