Агенттік Төрағасының тапсырмасына сәйкес, халықтың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдары мен ұсыныстарына жедел назар аудару мақсатында «Электронды үкімет» веб-порталы мәселелері бойынша Telegramm мобильді қосымшасындағы «EgovKzBot2.0» бот платформасы арқылы «Уәкілетті органға өтініш» білдіру батырмасы іске қосылған.
Осы орайда, Департаментке қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне шағым, олардың сапасын арттыру бағытында ұсыныстар келіп түсуде.
Мәселен, «Көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісіне телнұсқа беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін ала алмай жатқанын жазып, аталған платформа арқылы көмекке жүгінді.
Агенттіктің Шымкент қаласы бойынша Департаментінің араласуымен жүгінушінің өтініші «Азаматтарға арналған үкімет» МЕ КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалына жолданып, Шымкент қаласындағы Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөлімшесінде тиісті мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін алды.
Осылайша, Telegramm мобильді қосымшасындағы «EgovKzBot2.0» бот платформасына жүгінген қызмет алушының құқығы қалпына келтірілді.
Айта кетейік, https://t.me/Kenes1414Bot сілтемесі арқылы «EgovKzBot2.0» бот-платформасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 24/7 шағым беруге және бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде ұсыныс жолдауға болатындығын назарларыңызға жеткіземіз.
