Азаматтарға арналған «жолда қабылдау» акциясы өтеді

2021 жылдың қазан айының 15-16 (жұма, сенбі) күндері күндізгі сағат 09:00-ден кешкі сағат 19:00-ге дейін Түркістан облысының полицейлері Полиция департаменті жанындағы «Азаматтарды қабылдау бөлмесінде» карантин талаптарын сақтай отырып, «Жолда қабылдау» акциясын өткізеді. Басты мақсаты – азаматтардың құқықтық сауатын, жол қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы жауапкершілігін арттыру, тұрғындарға құқықтық көмек көрсету, ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу.Егерде сіз облыс орталығынан шалғайда орналасқан болсаңыз, онда өз аумағыңызға жақын тұрған полиция басқарма, бөлімдеріне баруыңызға болады. Сонымен қатар індеттің қауіптілігі ескеріле отырып, үйіңізден шықпай-ақ әлеуметтік желідегі Түркістан облысы Полиция департаментінің ресми парақшалары арқылы ішкі істер органдарына қатысты сауалдарыңызды жолдауларыңызға толық мүмкіндік бар. Біздің мекенжайымыз: Түркістан қ. С.Ерубаев көшесі №197 Е (қалалық «Талғат» емханасына қарама-қарсы бетте орналасқан)

Түркістан облысы ПД