Сарыағашта «Зорлық зомбылықсыз 16 күн» акциясы қорытындыланды

Түркістан облысы Полиция департаменті Сарыағаш ауданы полиция бөлімінің ұйымдастыруымен «Зорлық зомбылықсыз 16 күн» акциясын қорытындылап, «Әйелдерді қорғау парызымыз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Жиынды әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Дінмұхамет Әбдіқадырұлы ашып, жүргізіп отырды.

Отырысқа «Қазақстан Республикасының республикалық әйелдер кеңесі» «Шымкент қалалық әйелдер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Баян Жандосова, Қазақстан Қызыл Ай қоғамының басшысы, «Сенім Ай» қоғамдық бірлестігі «Көмек» дағдарыс орталығының басшысы Малика Жүсіпова, Қазақстан Республикасы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Түркістан облысы бойынша өкілі Наталья Қожабекова, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Салтанат Төлегенова, «ЖИТС-тен балаларды қорғау» қайырымдылық қоғамдық қорының президенті, «Әйелдер күштерінің альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Жаннета Жазықбаева, «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығының басшысы Шахноза Хасанова, полиция полковнигі Асылхан Төреханов, полиция подполковнигі Жанар Қалабаева қатысты.

Жиынға қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, республика көлемінде өткізілген онкүндікте көтерілген мәселелер мен талқыға түскен ұсыныстарды тағы бір пысықтай отырып, алдағы уақытта осы бағытта бірлесіп жұмыс жүргізуді ұсынды. Өз кезегінде сөз алған әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы Жанар Қалабаева «Осы акция барысында – әйелдердің құқықтық сауаттылықтарын арттыру, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында бірқатар мекемелермен бірлесіп іс-шараларды қолға алғандығын айтып өтті.

Түркістан облысы ПД