Шымкентте полицейлерден қашпақ болған есірткі қоюшылар қоршауға соғылды

Қайтпас-1 ықшам ауданы тұрғындарының есірткі қоюшылардың көбейіп бара жатқаны туралы өтініші бойынша ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері учаскелік инспекторлармен бірлесіп, арнайы рейдтер жүргізді.

Жұмыс барысында Volkswagen Polo мінген екі жас жігіт полицейлердің күдігіне ілікті. Тәртіп сақшыларын байқаған жігіттер артқа шегініп қашуға әрекеттеніп, құрылысы аяқталмаған үйдің ауласына кіріп кеткен. Полиция қызметкерлері жолды жауып тастаса да, көлік қозғалысын тақтатпай, жеке учаскені қоршап тұрған қоршауға соғылған.

Тергеушілер көліктің ішін тексеру кезінде құрамында ақ ұнтақ тәрізді заттары бар 30-ға жуық орама тапты. Сараптама қорытындысы оның салмағы 30 граммға жуық синтетикалық «мефедрон» есірткісі екенін көрсетті.

 Аталған жайт бойынша Қаратау аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі «адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Күдіктілер полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Есірткі қоюшылар көлікті өздерінің «жұмысы» үшін жалға алғаны анықталды.

Есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыс жасағаны үшін оларды 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.