Ашық есік күні өткізілді

Астана қаласы прокуратурасының бастамасымен ҚАЖД №64 мекемесінде сотталғандардың туыстары үшін Ашық есік күні өткізілді.

Іс-шараны өткізудің басты мақсаты — сотталғандардың туыстары мен мекеме әкімшілігі арасында сенімді қарым-қатынас орнату, пенитенциарлық процеске ашықтық қағидатын енгізу.

Кездесу барысында сотталғандардың туыстары мекеменің тұрмысымен, колонияның ішкі тәртіп Ережелерімен, жазасын өтеу шарттарымен, еңбек қызметімен, шығармашылық және спорттық өмірімен, тәрбие іс-шараларымен танысты.

Жақындарымен араласу жазасын өтеушілерге өз өткенін түсінуге және өздері үшін болашаққа дұрыс қорытынды жасауға мүмкіндік берді.