Бар жақсылық — балаларға!

Жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық акциясына Түркістан облысы Сарыағаш ауданында орналасқан «Нұрболат» медициналық орталығыда өз үлесін қосуда.

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағына қарасты «Нұрболат» медициналық орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасының ұйымдастыруымен 2023 жылы мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған 10 балалардың аналарына 200 000 теңге көлемінде қаржылай көмек берілді. Балаларға арналған сыйды тапсыруды мекеменің басшысы бас дәрігер Жарылқасын Мелдешұлының тапсыруын ұйғарды.

Жарылқасын Мелдешұлы кәсіподақ жұмысына тоқталып: «Мекемеде 265 адам жұмыс жасаса соның қорғаушысы, соның қолдаушысы, зорлық-зомбылыққа, әділетсіздікке душар болмауы үшін жұмыс жасайтын үлкен ұйым -ол «Кәсіподақ» екенін айтып өтті. Қыркүйек айы жақындап жаңа оқу жылы басталуына санаулы күндер қалды. Балалардың жақсы білім алуын қадағалап, көңіл бөлу керек. Биыл мектепті бітіріп жоғары оқу орнына түскен балалардың аналарын құттықтаймын. Жасыратыны жоқ, қымбатшылық қалмай келеді, Алла берекесін берсін! Кәсіподақ ұйымы балаларыңызға сыйлық жасап отыр екен, Сіздерге табыстаймын, азда болса көмек болсын. Балаларға айтып барыңыздар: Жақсы оқып, Дәрігер болсын! IT технологы болсын! Инженер болсын! қалаған мамандық иесі болып елдің азаматы болсын» -деп аталық батасын берді.

Сондай-ақ, медицина орталығының абзал жандарына атқарып жатқан жұмыстарына өз алғысын білдіріп, сәттілік тіледі.

Бізде Жарылқасын ағамызға рақметімізді айтып, деніне саулық, отбасына амандық тілейміз’