Жамбыл полицейлері Алматыдан көлік ұрлаған адамды ұстады

Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында Жамбыл облысы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Алматыдан «Toyota Camry» маркалы автокөлікті ұрлап, Шымкент қаласы бағытында келе жатқан күдіктіні ұстау туралы бағдар алды.

ПД ППБ 1- взводының қызметкерлері «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» республикалық маңызы бар автожолының 240- шақырымында қызмет өткеру кезінде аталған автокөлікті байқап, оны тоқтату және ұстау үшін шаралар қабылдады.

Тексеру барысында жүргізушінің көлік құралын басқаруға тиісті құжаттары жоқ екендігі және іздеудегi ұрланған автокөлік ретінде тіркелгені анықталды.

Аталған көліктің салонында жүргізушіден басқа тағы 2 жолаушы болған. Көлік ұрланғаннан кейін жүргізуші ақша табуға шешім қабылдап, жолда өзіне екі жолаушыны отырғызғаны белгілі болды.

Тез арада ұсталған жерге Қордай аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы  келді. Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласы Бостандық ауданының ПБ әріптестеріне одан әрі анықтау мақсатында берiлді.

Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі