Жасөспірімдердің қылмысы әшкереленді

Түркістан қаласының прокуратурасы бөтеннің автокөлігіне кіру арқылы жүргізушінің смартфоны жымқырып, одан кейін смартфонның көмегімен алаяқтық іс-әрекеттер жасаған, ал келесі күні автокөліктің өзін жымқырған кәмелетке толмаған екі жасөспірімге қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жасөспірімдер Отырар мөлтек ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің автотұрағында тұрған «ВАЗ 2107» маркалы автокөліктің есігін бұзып, автокөліктің салонына заңсыз кіріп, смартфонды алып кеткен, кейін сол смартфоннан жәбірленушінің атынан оның туыстарына ақша сұрап хабарламалар жолдаған. Ақшаны алғаннан кейін келесі күні сол автокөліктің өзін жымқырып, бой тасалаған.

Тергеу нәтижесімен полиция кәмелетке толмағандардың аталған қылмыстарды жасағандарын дәлелдейтін жеткілікті айғақтар жинақтап, прокурордың келісуімен олардың іс-әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігінің 2,3-тармақтары (мүлкi тәркiленіп, 2 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген) және 190-бабы 2-бөлігінің 1,4-тарамақтарымен (мүлкi тәркiленiп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, 4000 АЕК дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 1000 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 4 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген) сараланған.