Жетісай: Базардың тең жартысы қоқыстан тазартылды

Соңғы мәліметтерге сәйкес, «Күлпаршын» орталық базарын тазалау барысында 105 жүк көлігімен қоқыс шығарылды.
Базар аумағының 50%-дан астам бөлігі тазаланды.
Шығарылған қоқыс көлемі 240 тоннаға жетті.

Сондай-ақ базардың жаңа жобасы жасалуда. Мамандардың айтуынша, жаңа жоба бойынша сауда нүктелері кәсіпкерлерге жылдың төрт мезгілінде сауда жасауға қолайлы, әрі өрт қауіпсіздігі сақталатындай етіп салынады.

Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметі