Кентау қаласында қоғамдық қауіпсіздік бойынша ауқымды жиын өтті

Кентау қаласы әкімдігінің мәжіліс залында полиция полковнигі Ерлан Қыдырбаевтың ұйымдастыруымен «Қоғаммен серіктестікте қоғамдық қатынастарды қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған тұжырымдамасы» және «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі сервистік моделін іске асыру» тақырыбында жиналыс өткізілді.

Іс-шараға Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова, ведомствааралық топ мүшелері, қалалық маслихат депутаттары, ардагерлер төрағасы, консультативтік кеңесші орган мүшелері мен Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында полицейлер тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндамалар жасалып, арнайы слайдтар мен бейнероликтер көрсетілді.

Кеңес отырысында ҚР Президентінің бастамасымен енгізіліп жатқан тұжырымдаманың іске асырылуы, қоғамдық қауіпсіздік саласында жұмыс атқаруға ыңғайлы екендігі назарға алынып, талқыланды. Сонымен қатар қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі сервистік моделін іске асыру бағытында құрылған жұмысшы топқа бірқатар тапсырмалар берілді.