Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу

Қазіргі уақытта жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу өзекті мәселе. Құқық бұзушылық — бұл  қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу профилактикасын күшейтуді атап өтті.  Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі. Құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру қоғамның құқықтық тәрбиесіне тікелей байланысты. Құқықтық мәдениетті арттыру, халықтың құқықтық санасын дамыту – тәуелсіз, демократиялық және құқықтық тұрғыдан сауатты мемлекет құруға ықпал ететін азаматтық қоғамды қалыптастырудың маңызды өлшемдері. Қоғамдағы қылмыс пен құқықбұзушылыққа қарсы күресуі бағытындағы жаңа жүктемелерді толығырақ таныстыру құқық қорғау органдарының міндеті. Осы орайда құқық қорғау органдарының тарапынан түрлі іс-шаралар жүзеге асырылып  жатыр.                                                                                                                         

 Түркістан жоғары көпсалалы, қолөнер колледжінде жатақхана тұрғындарымен «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу», жатақхана ішкі тәртіп ережесімен таныстыру мақсатында кездесу өткізілді. Кездесу барысында  құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру және ескерту жұмыстары жүргізілді. Құқықтық тәрбие – кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жасөспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жастарды заңның негізгі принциптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет. Студенттер тарапынан сұрақтар қойылып, ол сұрақтар бойынша нақты жауаптар берілді.                                                                                              

Жастарды құқықтық тәрбиелеуде құқықтық сананың маңызы зор. Студенттердің құқықтық санасы — жоғарғы білім алу барысында қалыптасатын сана. Бұл сананың өзіне тән мынандай ерекшеліктері бар. Құқықтық сана білім алу сапасының төмен деңгейіне, сауатсыздығына байланысты маргиналдық (шетте қалу) деңгейінде қалып қоюы мүмкін.