Кәсіподақ мүшелерімен кездесу өткізді

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төраға орынбасары Айдар Бахтыбаев пен «Түркістан облысының автомобиль көлігі және жол кәсіпорындарының жергілікті кәсіподағының төрағасы Али Мамедов «Қалың қалай бастауыш ұйым?» акциясы аясындағы кезекті кездесуін Түркістан облысы, Сайрам ауданында орналасқан “Жолаушы” ЖШС-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшелерімен өткізді.

Кездесу барысында Айдар Бахтыбаев еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау, еңбек қатынастарын реттеу және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында техникалық инспекторларының құқықтары мен өкілеттіктеріне тоқталып, осы ретте күнделікті жұмысын ұйымдастыруына көмектесетін нақты ақпараттармен бөлісті.

Сондай-ақ құқықтық көмек көрсету мақсатында Кәсіподақтар орталығында «Заң клиникасы» мен «Татуласу орталығы» құрылып, кәсіподақ мүшелеріне тегін қызмет көрсетіліп жатқандығы жөнінде айтып өтті.

Бұдан бөлек өз кезегінде сөз алған жергілікті кәсіподағының төрағасы Али Мамедов кәсіподақ мүшелеріне кәсіподақтың рөлі мен мақсаты туралы түсіндіре отырып, биыл 2023 жыл «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялауына орай кәсіподақтар федерациясы тарапынан еңбек адамын ұлықтау, лайықты еңбек жағдайларын жасау, жұмысшылардың еңбек мүдделері мен құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарымен бөлісті.

Кездесу соңында кәсіподақ мүшелерінің ұсыныстары тыңдалып, қойылған сұрақтарына тиісті жауаптар берілді.