Кәсіподақ мүшелері еңбек қатынастары мәселелерін талқылады

«Түркістан облысы бойынша ауыл, орман шаруашылығы табиғат және жануарлар әлемін қорғау қызметкерлері кәсіподағының жергілікті қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сапарғали Шолданбаев «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Түркістан облысының ауыл шаруашылық басқармасы ММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, олардың жағдайымен танысты.

Кездесу барысында Сапарғали Шолданбаев еңбек ұжымындағы толғандыратын мәселелерді саралап, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясымен 2023 жыл «Қауіпсіз еңбек жылы» деп жариялануына байланысты кәсіподақ мүшелерімен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттерін талқылап, жұмыскерлерге жазатайым оқиғадан сақтандыру шараларының нақты мысалдарын келтіре отырып айтып өтті.

Кездесу соңы марапаттау миссиясымен жалғасын тауып онда ауыл шаруашылығы саласында еселі еңбек етіп, үздік нәтижелерге қол жеткізгені үшін Фатима Байтас «Үздік қызметкер» медалімен марапатталды.

Сондай-ақ, кәсіподақ мүшесі Базарбек Омаровтың 63 жасқа толуы және зейнеткерлік демалысына шығуына орай, оған шапан жауып, көп жылдық еселі еңбегі мен кәсіподақ қозғалысына қосқан үлесі үшін «Ардақты ардагер» төсбелгісі табысталды.