Мектеп оқушыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімі, Адами әлеуетті дамыту бөлімі, Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Төлеби аудандық филиалының ұйымдастыруымен, Алатау ЖОМ, Біркөлік негізгі орта мектеп, Екпінді ЖОМ, Нысанбек ЖОМ, Қайнар ЖОМ, Бірінші мамыр ауылдық округі Бірінші мамыр ЖОМ, Ынтымақ елді мекені Ынтымақ ЖОМ, Қамшақ елді мекені Әл-Фараби жалпы орта мектептерінің 9-11 сынып оқушыларымен «Шетелдік күмәнді теологиялық оқу орындарында білім алудың қауіптілігі туралы» және білім беру мекемелерінде этнос жастарымен арасындағы достықты, түсіністікпен келісімді нығайту мақсатында кездесу ұйымдастырылып, ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыс Төлеби ауданы әкімінің өкімімен, Төлеби ауданына қарасты білім беру мекемелері арасында алдағы уакытта да өз жалғасын тауып отыратын болады.