«Парыз» конкурсын ұйымдастыру мәселелері бойынша отырыс өтті.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші Вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың төрағалығымен «Парыз» конкурсын ұйымдастыру мәселелері бойынша ZOOM платформасы арқылы отырыс өтті. Онлайн конференцияға кәсіподақтар тарапынан «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев қатысты.Айта кетейік, Парыз конкурсына Шымкент қаласы бойынша 13 мекеме үміткер болып тіркелген, оның ішінде Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын номинациясы бойынша 10 мекеме, Әлеуметтік жауапты кәсіпорын номинациясына бір мекеме, Үздік ұжымдық шарт номинациясы бойынша екі мекеме және Экологияға қосқан үлесі номинациясына бір мекеме құжат тапсырған.Кәсіподағы бар екі мекеме Үздік ұжымдық шарт номинациясына «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ЖШС және «Су ресурстары маркетинг» ЖШС, сонымен бірге Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын номинациясына үміткер болып тіркелген. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!

Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы